jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ТС
Тилеген Султан
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында «Поэзия бұрышы» ашылды

: Facebook

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың Жеті қыры" бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен "Жеңіс" саябағында әдеби-мәдени «Поэзия бұрышының" ашылу салтанаты өтті.

Поэзия бұрышы ел игілігінде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Мемлекетіміз жастарға жан-жақты бағыт, бағдар беріп, тың идеяларына қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі бастамалардың бірі - жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен әдебиет саласында қаламын ұштап жүрген шығармашыл жастардың үздік туындылары жинақталған "Жаңа ғасыр әуендері" атты жас ақындар антологиясы жарық көрген еді.

Поэзия бұрышы ел игілігінде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар өтілетін болады.

Поэзия бұрышы ел игілігінде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов мырза арнайы келіп, қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.

Поэзия бұрышы ел игілігінде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Кеш қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Поэзия бұрышы ел игілігінде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Жиын соңында жыр өлкесіне нық қадам басқан Сүндет Сеитов, Арайлым Мұраталиева, Мақпал Төребек және сол секілді жас ақындарға сәттілік тілеп, үлкендер батасын берді.

Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында «Поэзия бұрышы» ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.