jitsu gif

Ресей тұрғыны "қарғыстан құтылу үшін" алаяқтарға 1,5 млн рубль берген

: Facebook

Ресей Федерациясы Ханты-Манси автономиялық округінің Нефтеюганск қаласының тұрғыны туысқандары мен өзін "қарғыстан" құтқару үшін интернеттегі көріпкелдерге 1,5 млн рубль (9 млн теңгеден астам) төлеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Әйел адам полицияға хабарласып, бірнеше ай бұрын интернетте көріпкелдердің қызметін ұсынатын сайтқа жүгінгенін мәлімдеген. Құқық қорғау ведомствосының ақпарынша, ол сайтта көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, олардан кеңес беруін сұраған.

"Алаяқтар оны біреудің қарғағанына сендірген. Сол қарғысты қайтару үшін әйелден ақша талап еткен. Нефтеюганск тұрғыны қаскөйлердің талабын орындап, олардың көрсеткен шотына 485 мың рубль аударған", – деп мәлімдеді Ресей ІІМ бөлімінің өкілдері.

Біраз уақыт өткен соң көріпкелдер әйелге өздері хабарласып, тағы да ақша жіберуін талап еткен. Ол бас тартқан кезде алаяқтар қарғыстың оның бүкіл туысқандарына таралатынын айтып қорқытқан. Сөйтіп, шошынған әйел қаскөйлерге тағы да ақша жіберген.

"Жалпы, өзін және туысқандарын қарғыстан құтқару үшін жәбірленуші бір жарым миллион рубль ақша берген", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар алаяқтарды анықтап, ұстау үшін қажетті шаралар қабылдауда. Олар азаматтарды бұндай жағдайларда мұқият болуға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін енесі сыртынан дуалаған келіншектің жұрттан көмек сұрағанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.