jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ұйықтап жатқан адамды тұрғызған қорқынышты елес жаға ұстатты

: UGC

Әлеуметтік желіде елестің ер адамның төсек тұсында тұрған видеосы пайда болды. Тылсым күш кейіпкер жамылған жамылғыны шешіп, оны оятқан секілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru сайтына сілтеме жасап.

Ұйықтап жатқан адамды тұрғызған қорқынышты елес жаға ұстатты
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнебақылау камерасына жазылған видео кім-кімнің болсын, үрейін ұшырары анық. Видеоның басында бөлмедегі перделердің өздігімен ашылғанын байқауға болады. Бірнеше секундтардан кейін белгісіз мүсін пайда болып, ер адамға қарап тұрады.

Одан кейін пәтер иесі тылсым күштің тұрғанын сезгендей ұйқыдан оянады. Ал бөлмені біраз аралап, пердені қайта жапқаннан кейін төсегіне жатып қалады.

Бір минуттан кейін терезенің артынан елес шығып, қабырғадағы кішкентай терезеден сығалап қарайды. Сол кезде пәтердегі заттар қозғалып, пәтер иесі қайта тұрды.

Бір минут өткеннен кейін ер адам су ішкелі жатқан кезде елесті көріп, шоршып кетеді. Видео желіге кең тарағанымен бейнеленген іс-әрекеттің шынайылығына сенбеген жандар да болды.

Естеріңізге сала кетейік, келіншек суреттен өзінің дүниеге келмей қалған әпкесінің елесін көрді.

Келли Грин есімді бойжеткен бөлмеде жалғыз отырып, жақын досымен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Видеоқырау шылған жақыны кенеттен әйел адамның артында түсініксіз бірдеңенің барын байқап қалған екен.

Келлидің әкесінің сөзінше, бұл әйел адамның дүниеге келмей қалған әпкесінің елесі екен. Келлидің анасы оны тумас бұрын екі жыл алдын түсік тастап, сәбилі бола алмай қалған екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Ұйықтап жатқан адамды тұрғызған қорқынышты елес жаға ұстатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.