Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Қытайда тараған коронавирусқа қатысты байланыс орталығы ашылды

Опубликовано:

Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны ашылды. Оның нөміріне хабарласқан тұрғындар Қытайдағы жаңа вирус туралы барлық ақпаратты біліп, алдын алу шаралары бойынша кеңестер ала алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда жаңа вирусқа байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы ашылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сall-орталықтың ашылғаны туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

"Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады.
Бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, 103 нөмiрiне хабарласыңыз", - делінген министрлікте.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі аспан асты елінде үш миллионға жуық адам ауруды жұқтырып, мыңнан астам адам қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Министрлік аталған ақпаратты жоққа шығарып, оның шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Қазақстандықтарға тек құзырлы органдардың ресми пікірлеріне сенуге кеңес берілді.

Айта кетейік, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин арнайы жиын өткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837918-kazakstanda-kytajda-taragan-koronaviruska-katysty-bajlanys-ortalygy-asyldy/

pixel