Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін": Біртанов Қытайдан келген қазақстандықтарға үндеу жолдады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда 4,5 мың адамға арналған резервтік ауруханалар құрылғанын жеткізді. Бұндай шара коронавирус тарала бастаған сәттен қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ведомство басшысы жаттығулар еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен дәрігерлер оқуды жалғастырды деп сендірді.

Одан бөлек, Қазақстанда короновирус жұқтырған мен вирусты жұқтырды деген күдікке ілінген науқастар көбейген жағдайда қосымша қаржы сұралатынын ескертті.

Біртановтың айтуынша, Қытайдағы коронавирустың жаппай таралу қаупі де қарастырылған. Ол үшін инфекциялық ауруханаларда қосымша 4 500 қосымша кереует қойылған. Резервтік станционарлар да дайын. Барлық аймақта арнайы оқу-дайындық шаралары атқарылуда.

"Қазіргі кезде біз үкіметтің резервінен қосымша қаржыға тапсырыс бердік. Себебі пациенттер мен инфекциямен түскен адамдарға жеке қорғаныс жабдықтары сатып алынады. Соның ішінде дезинфекциялық құралдар мен медициналық жабдықтар бар. Қажетті дәрі-дәрмектер қарастырылған", - деді денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, Біртанов Қытайдан және шетелден келген барлық азаматтарға үндеу жолдады. Министр оларды дәрігерге көрінуге шақырып, денсаулықтарында қандай бір кінәрәт болса шұғыл түрде хабарлауды сұрады.

"Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, денсаулығыңыз нашарлаған жағдайда медициналық қызметкерлер сізді бақылай алады, біз уақытылы тиісті шаралар қабылдаймыз және сіз бен отбасы мүшелеріңізді қорғай аламыз", - деп сөзін түйіндеді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838192-sizdi-kauipsizdigiiz-sin-birtanov-kytajdan-kelgen-kazakstandyktarga-ndeu-zoldady/

pixel