jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Scat компаниясының 270 жолаушысы 11 сағат бойы рейс күтіп отыр (видео)

: UGC

SCAT әуе компаниясының 270 жолаушысы 12 сағатқа жуық уақыт өз рейстерін күтіп отыр. Түнде демалысқа ұшуы қажет болған олар амалсыздан көлік прокуратурасына жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ оқырманынан
Фото: NUR.KZ оқырманынан: UGC

NUR.KZ редакциясына Алматы-Пхукет рейсінің жолаушылары байланысқа шықты. Олар демалысқа 31 қаңтар түнгі сағат 3- те ұшуы қажет болған. Алайда, рейс 1 сағатқа, кейіннен бірнеше сағатқа ұзартылып, ақырында 11 сағатқа созылған.

Соңғы рет компания өкілдері ұшақ түскі 2- де көкке көтеріледі деп уәде беріпті. Бірақ, жолаушыларға көптен күткен рейстің орнына шырын ішу ұсынылған екен.

Жағдайдан хабардар болған NUR.KZ редакциясы 13:30-да компания өкілдерімен телефон арқылы байланысты.

SCAT рейстің кешігуіне лайнердің қосымша қызметтері себеп болғанын, әуе кемесі 20 минуттан кейін ұшатынын хабарлады. Жолаушылар рейске тіркеуден өтіп, ұшаққа отырғызуды күтіп тұр деп сендірді әуе компаниядағылар.

Алайда, жағдай өзгере қойған жоқ. Осы уақытқа дейін Таиландта демалуы қажет болған қазақстандықтар әлі де рейс күтіп, Алматы әуежайында сабылып жүр.

"Көрдіңіздер ме, бізді тек уәдемен сендіреді. Сағат 2- де деді, ал біз әлі күтудеміз", -деді жолаушылардың бірі.

Әбден шаршаған адамдар көлік прокуратурасына барып, әуе тасымалдаушысының атына арыз жазды. Брақ, ол әзірге қалыптасқан жағдайға әсер ете қойған жоқ.

Ал әуе компаниясы сағат 14:00- ден кейін жауап беруді тоқтатты.

Естеріңізге салайық, Air Astana әуе компаниясы Үрімші мен Бейжіңге рейстерді тоқтатады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Scat компаниясының 270 жолаушысы 11 сағат бойы рейс күтіп отыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.