jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттік психиатр дәрігерлер 60 жастағы науқастың туыстарын іздеуде

: Instagram

Шымкентте дәрігерлер психиатриялық ауруханада жатқан 60 жастағы науқастың туыстары мен жақындарын іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Отырар арнасына сілтеме жасап.

Фото: Отырар
Фото: Отырар: Instagram
Басылым мәліметінше, ер адам медициналық мекемеге жедел жәрдем қызметі арқылы қаңтар айының басында жеткізілген.

Науқастың қала көшелерінде жалғыз жүргені, өзін дұрыс ұстамағаны анықталды.

Тексеру барысында дәрігерлер оның бойындағы психикалық ауытқуларды байқаған.

Науқастың есімі - Александр Кудашов.

Медициналы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ер адам туыстарының атын білмейді.

Ол тек өзінің аты-жөнін айта алады екен.

Полиция ер адамның қазіргі уақытта еш жерде тіркелмегенін растаған.

Деректер базасында оның бұрынғы мекен-жайы көрсетіліпті.

Алайда ондағы тұрғындар Александрды білмейтіндерін айтыпты.

"Полиция арқылы оның 2018 жылы Катын көпір ықшамауданынан шығарылғанын білдік, ол жерде Сыпатаев көшесі бар. Біз сонда барып, Александрды көршілерге көрсеттік. Бірақ оны ешкім танымады. Ол шіркеуде тұратынын айтты. Біз бірнеше шіркеулерге бардық, іздедік. Бірақ оны ешкім танымайтынын білдірді", - деді Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығының бөлім басшысы Сухраб Абдукадыров.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Дәрігерлердің сөзінше, ол қоғамға ешқандай қауіп төндірмейді.

Науқасты көрген-білгендер болса төмендегі нөмірге хабарласуда сұраймыз: Шымкент қ. Таштракт, 3 км, "Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығы". Тел: +7 701 7311647

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Шымкенттік психиатр дәрігерлер 60 жастағы науқастың туыстарын іздеуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.