jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт елді таңдай қақтырды (фото)

: UGC

Қарандаштың ұшынан мүсіндер жасап, танылған оралдық Нұрбол Бақтығалиев көпшілікті таңғалдыруда. Жас жігіт Қазақстанда мұндай туынды жасайтын жалғыз адам деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт көрермендерді таңдай қақтырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қонаққа келген Нұрбол есімді жігіт үш жылға жуық қарындаштардың ұшынан мүсін жасап жүргенін сөз етті.

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт көрермендерді таңдай қақтырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Анықталғандай, Нұрбол мұндай туынды жасайтын әлемдегі үшінші, ал Қазақстандағы алғашқы адам екен.

"2017 жылы осындай мүсіндерді жасаған адамдарға қарап, неге осылай жасап көрмеске деген ой пайда болды. Өзім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дінтану мамандығы бойынша магистратураны оқып жатырмын. Бұл жай ғана менің хоббиым", - дейді Нұрбол.
Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт көрермендерді таңдай қақтырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жас жігіттің сөзінше, ол жасаған мүсіндердің арасында "Барселона" футбол клубының белгісі, жылқы, жүрек, түрлі елдердің сәулет ғимараттары, тіпті, марқұм Денис Теннің бейнесі де бар екен.

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт көрермендерді таңдай қақтырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлем бойынша қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын тек екі адам бар екен. Олар: Нихат Озджан және Салауат Фидай.

Өнер иелерінің туындылары әлемдік нарықта 500-ден 3000 АҚШ долларына дейін бағаланады екен.

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт көрермендерді таңдай қақтырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Ал Нұрболдың сөзінше, Қазақстанда мұндай өнерге қызығар жан жоқ екен. Сол себепті ол өз туындыларын тек таныстарына сатқанын атап өтті.

Ең алғашқы мүсіндердің бірін оның досы 20 мың теңгеге сатып алыпты.

Бағдарламаға келген қонақтардың арасында Нұрболдың өнеріне тамсанып, бағалағандар да оны керексіз дүние деп сынағандар да болды.

"Өте қызық. Мен таңданып отырмын. Бірақ керек емес деп ойлаймын. Өз басым сатып алмайтын едім", - деп пікір білдірді актер Нұркен Сәрсенбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін қардан ерекше мүсіндер жасап, елдің ықыласына бөленіп жүрген ақтөбелік көпбалалы әке туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын оралдық жігіт елді таңдай қақтырды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.