Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

36 жұмысшы кетіп қалған: Көкшетау вокзалын еден жуушылар қадағалап отыр

Опубликовано:

Көкшетау теміржол вокзалындағы арнайы өткізу бекетінде жұмыс істейтін 36 инспектор бір уақытта қызметінен кетті. Мамандар бұндай шешімге келудің өз себептері барын жеткізді. Темір жолдағы қауіпсіздікке жауап беретін компанияның орнына Алматыдан басқасы келіпті. Жаңа мекеме басшыларының талабымен жұмыс уақыты ұзарып, жалақы қысқарған. Инспекторлар осыған наразы. Енді тексерушілердің орнында қауіпсіздік қызметінле еден жуушылар отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram
"Бәрін бердік те, кеттік. Біз тастамас едік. Барлық инстанцияға бардық, барлық жерге бардық. Бізді ешкім тыңдамайды. Енді сіздерді бір тәулік істеп, екі күн демалуға өткіземіз деп жатыр. Біз оған келіспейміз. Алдында былай сөйледі, енді басқаша сөйлеп жатыр. Жалақы ВЖДО-да қандай болды сондай болады деді. Енді өтірік айтып, бізді бейшара қылып тұр", - деді тексеру қызметінің бұрынғы инспекторы Жанғали Төлеубаев.
Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

Ал қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс жаңа компания басшылары осыған байланысты пікір білдіруді ұмытпады.

"Олар "СОП Күзеттің" басшылығы қойған талаптарға риза болмауда. Мен оны шеше алмаймын. Не істеймін? "Қалыңдаршы, жұмыс орнына барыңдаршы" деп жалынып тұрмын. Әрине, күлкілі емес", - деді "СОП "Күзет" акционерлік қоғамының Көкшетау бөлімшесі бастығының орынбасары Марат Ахметов.
Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

Ақмола теміржолы магистралдық бөлімшесінің бас инженері Анатолий Әбдірахманов Алматыдағы басшыларға хабар бергенін, Көкшетаудан маман іздеп, мәселені тезірек шешуге тырысатынын білдірді.

Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол вокзалындағы арнайы өткізу бекетінде еден жуушылар жұмыс істеуде.

Ал арнайы біліктілігі бар 36 инспектордың жұмыстан кетуге жазған өтінішіне әлі жауап қайтарылмаған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839853-36-zmyssy-ketip-kalgan-kksetau-vokzalyn-eden-zuusylar-kadagalap-otyr/

pixel