Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәбидің өліміне үшінші күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шарананың өліміне қатысты іс бойынша үшінші күдікті анықталды. Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, үшінші күдіктіге алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру дерегі бойынша айып тағылған.
Яғни, ол өткен жылдың 29 қыркүйегінде жаңа туған баланы мұздатқыш камераға салған деп күдіктелуде.
Айта кетейік, бұл осыған дейін жауапқа тартылып жатқан перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныштан кейінгі үшінші адам.
Тергеу материалы бойынша Нысанбаев базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған.
Мұны бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері ести сала орталыққа жеткенімен, сәбиді құтқарып үлгермеді. Ал Нысанбаев сол түні қаладағы сауналардың бірінен ұсталды.
Дереккөз КТК арнасы
Еске сала кетейік, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.
Кейңін Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта көз жұмған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.
10 қазанда перинаталдық орталықтың 23 қызметкері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.
Марқұм нәрестенің әкесі тергеудің әділетті жүргізілуін талап етті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840543-atyrauda-toazytkysta-kz-zmgan-sbidi-limine-kdikti-sinsi-adam-staldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.