jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

20. 02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

: UGC

Бүгін Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп тіркелген. Бұған себеп 20.02.20 датасы. 2020 жылдың 20 ақпанында 800 жұп отбасын құруға шешім қабылдапты. Өткен жылы бұл көрсеткіш төрт есе аз болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған.

Мәселен 20 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп болған.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жас жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп 65-70 жаста.

Жалпы жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ құрыпты.

"Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін қиды – 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке құрылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш", - дейді Әділет министрлігінің басқарма басшысы Маржан Дінғалиева.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, үйлескен сандары бар күні некеге отыру біздің елімізде ғана әлемде кең таралаған.

Мәселен биыл Қытай халқы ел аумағында таралған коронавирустан "2.02.2020" танымал датасына жоспарланған неке қию рәсімін кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

20. 02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.