Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сәпиевті боксқа әкелген КСРО чемпионы өмірден озды

Опубликовано:

Кезінде спорт әлемінде талай биікті бағындырған Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің немере ағасы Бақтай Сәпиев өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері Бақтай Сәпиевтің қайтыс болғаны туралы Қазақстан бокс федерациясының хабарламасынан белгілі болды.

Сондай-ақ, федерацияның хабарламасында Бақтай Сәпиевтің бокстан Кеңес одағының құрамасы қатарында болғаны, КСРО-АҚШ арасында өткен топтық кездесуде жеңіске жеткені және бокстан КСРО чемпионы атанғаны айтылды.

2008 жылы Sports.kz басылымына берген сұхбатында Серік Сәпиев өз отбасы туралы әңгімелеген еді.

Спортшының айтуынша, әкесі ондаған жылдар бойы шахтер, ал анасы сол кәсіпорында есепші болып жұмыс істеген. Сондай-ақ өзінің екі ағасы және бір қарындасы бар.

Боксшының сөзінше, бауырларының біріне әкесінің інісі Бақтайдың есімін берген. Олимпиада чемпионын алғаш рет боксқа алып келген де сол кісі екен.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын, 25 ақпанда Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың талантты боксшысы марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттархановтың өмірден өткені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843075-serik-spievti-bokska-kelgen-ksro-cempiony-mirden-ozdy/

pixel