jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы тоғыз күн тойлануы мүмкін

: UGC

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа жолдары таныстырылды. Барлық ұсыныстар "Наурыз шапағаты" жинағына топтастырылды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

наурыз
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Рухани жаңғыру" орталығының директоры Жанар Бұқанованың айтуынша, наурыз мерекесі тоғыз күн бойы тойланбақ. Оның алтауы дайындық есебінде болмақ.

  • 14 наурыз – Көрісу күні;
  • 15 наурыз – Шежіре күні;
  • 16 наурыз – Жайлау күні;
  • 17 наурыз – Игі істер күні;
  • 18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;
  • 19 наурыз – Зияткерлік күні;
  • 20 наурыз – Жоралғы күні;
  • 21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;
  • 22 наурыз – Бұқара күні.

Бұқанованың айтуынша, соңғы жылдары Наурызды сахналық сипатта тойлау басым болып кетті. Бірқатар танымал этнограф ғалымдар осыны сынап, Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу мәселесін қайта қарауды ұсынған. Осыған байланысты Наурызды тойлаудың жаңа форматы әзірленіпті.

Орталық басшысы тақырыптық күндердің мән-мағынасын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, Жайлау күнінде адамдар табиғаты аясына шығып, серуен құра алады. Тал отырғызуға болады. Осының арқасында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті көтеріледі.

"17 наурыз - игі істер күні, дархандық күні деп отырмыз. Бұл күні әр адам мүмкіндігіне қарай бір жақсы іс жасайды. Соның ішінде еріктілердің қатысуымен көптеген шаралар өтеді. Осы күні жергілікті әкімдіктер сан алуан қайырымдылық акция ұйымдастырады", - дейді Бұқанова.

Шымырлық пен шеберлік күні ұлттық спорт шараларына арналса, 19 наурызда балалардың арасында зияткерлік ойындар ұйымдастырылады. Жоралғы күні салт-дәстүрлерді жаңғыртуға арналады. 21 наурызда ұлттық тағамның түр-түрі жасалса, 22-сінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. . 

Айта кетейік, тұжырымдама барлық аймақтарға ұсыным ретінде таратылады.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы тоғыз күн тойлануы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.