Коронавирус салдарынан Әзірбайжанға әуе рейстері қысқартылды
Жарияланған күні:
Әзірбайжан коровирус бойынша қолайсыз болып табылатын мелекеттер қатарына енді. 5 наурыздан бастап аталған елге бағытталған рейстер саны қысқартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қазақстандық СІМ-не сілтеме жасап.
Мұхтар Тілеуберді үкімет отырысында қытайлық коронавирустың Қазақстанға енуіне қарсы шаралары талқыланып жатқан кезде 5 наурыздан бастап Әзірбайжанға жүйелі түрде ұшып жүрген рейстер санының қысқартылатынын хабарлады.
Бұған елде жаңа қауіпті коронавирустың анықталуы себеп болып отыр.
Дәл осындай шаралар бұған дейін Иранға қатысты қабылданған еді. 1 наурыздан бастап аталған мемлекетпен әуе қатынастары тоқтатылды. Сондай-ақ, осы мемлекеттің азаматарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Осы орайда, науқастар санының өсуіне қатысты Оңтүстік Кореяға баратын және қайтатын рейстер саны қысқартылды.
COVID-19 әлемнің өзге елдерінде күрт таралуда. Сыртқы саяси ведомство басшысы қазақстандықтарға жұқпалы аурулар көп тараған мемлекеттерге сапарға шағудан бас тартуға кеңес берді.
Оның дерегінше, ондай елдерде 95 мың отандастарымыз бар екен. Олардың 35 мыңы Оңтүсік Кореяда, 40 мыңы Америкада, 5 мыңнан астамы БАӘ, 5 мыңы Германияда, 3 мыңы Ұлыбританияда, 1800-і Италияда және 1000 қазақстандық Францияда жүр.
Кейінірек индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Баку бағытындағы рейстердің тотатылғанын хабарлады.
Алматы - Баку бағытындағы бес рейс бір рейске дейін, ал Ақтау – Баку рейсі жетіден бір рейске дейін қысқартылды. Нұр-Сұлтан – Токио әуемаршруты екіден бір рейске дейін қысқартылды.
Аталған рейстерге 1 наурыздан бастап билеттері бар жолаушылар билетті сатып алған жерден айыппұлсыз қайтара алады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирустың салдарынан Қытайдан өзге елдерде 7169 адам зардап шекті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843463-koronavirus-saldarynan-zirbajzanga-ue-rejsteri-kyskartyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.