Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа байланысты Қазақстан қандай әуе рейстерін тоқтатты

Опубликовано:

Әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирусқа байланысты елімізде бірнеше әуе рейстері тоқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаматтық авиация комитетінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Үкімет коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауда. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап карантиндік іс-шаралар қолданылатын елдердің тізбесінің кеңеюіне байланысты сол елдерден келген жолаушыларға 4-ші күшейту кезеңі енгізілді", - деді ведомство.

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейс (аптасына 34 рейс) 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылғанын еске салды.

  • Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан-Сеул және Алматы-Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқартылған.
  • "Эйр Астана" әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Сеул бағыты аптасына 2-ден 1 рейске дейін, Алматы-Сеул бағыты бойынша аптасына 5-тен 1 рейске дейін және "Asiana Airlines" әуекомпаниясының рейсі 2-ден 1 рейске дейін шектелген.
  • Одан бөлек, "Mahan Air" әуе компаниясының Алматы-Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап (аптасына 1 рейс) тоқтатылды.
  • 5 наурыздан бастап Нұр-Cұлтан-Баку бағыты да тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5-тен 1 рейске дейін ("Эйр Астана" 3-тен рейске 1 дейін, "Azerbaijan Airlines" 2-ден 1 рейске дейін), Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін (SCAT) шектеледі.
  • "SCAT" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Токио бағыты 2-ден 1 рейске дейін қысқарды.
Ведомство мәліметінше, аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша айыппұлсыз және толық көлемде қайтара алады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 індетінің жаңа түрін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

Сондай-ақ, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Көп ұзамай бұл ақпаратқа еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді.

Ал Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі мессенджерде коронавирус жайлы жалған хабар таратқаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, арнайы үндеу жолдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843790-koronaviruska-bajlanysty-kazakstan-kandaj-ue-rejsterin-toktaty/

pixel