jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Төрегелді Шарманов халықты қол алысып амандасудан бас тартуға шақырды

: Facebook

Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі "иіліп сәлем беруді" қайта жандандыру ұсынылды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төрегелді Шарманов. Фото: kaznmu.kz
Төрегелді Шарманов. Фото: kaznmu.kz: Facebook

Ұсынысты С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жасаған.

Әлеуметтік желіде профессордың осыған қатысты видеосы белсенді түрде тарап жатыр.

"Қазақтардың бұрын амандасу дәстүрі болған – қолын көкірекке қойып, иіліп сәлем салу. Ал қазір барлығы қол алысып амандасады. Бұл өте қауіпті. Ол адам қайдан шықты? Ал егер оның қолын алмасаң менсінбей кеткендей боласың. Ал бұл бірінші кезде гигиеналық тазалық, денсаулық кепілі", - дейді Төрегелді Шарманов.

Айта кетсек, қазір көптеген елде коронавирустың таралуынан соң қол алып амандасуды шектеп жатыр. Мәселен, Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер коронавирусқа байланысты қол алысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жеткізген.

Министр тіпті, жақында ел канцлері Ангела Меркельмен де қол алысып амандасудан бас тартқанын жазған едік.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы Қытайдан бөлек әлемнің 72 елінен анықталған. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша 10 556 адам аталмыш індетті жұқтырып алған. Одан бөлек, 37 адам коронавирустан көз жұмған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Төрегелді Шарманов халықты қол алысып амандасудан бас тартуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.