Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда коронавирустан қорыққан халық ұнды жаппай сатып алып жатыр

Опубликовано:

Тәжікстанда әлі коронавирус дерегі тіркелген жоқ, бірақ халық жаппай ұн мен азық-түлік тауарларын сатып алып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: Настоящее время
Видеодан кадрлар: Настоящее время: Facebook

Бүгінде ел аумағында қауіпті инфекеция тарамаса да, көпшілік арасында дүрбелең туындауда. Халық жаппай азық-түлік, оның ішінде ұн сатып алып жатыр. Ал негізгі қажетті тауарлардың бағасы өсуде екен.

"Бізде үрей. 5-6 қап ұн мен алма сатып алдық. Міне, май және бір қап қант. Аш қалмас үшін тағы екі-үш қап ұн. Кешке ұн бағасы 400 сомони (40 АҚШ доллары) болады деп жатыр", - дейді видеодағы азамат.

Қазір үкімет халықты тыныштандыруға тырысып жатыр. Олар тауар өндіру мен жеткізу қысқартылмайды деп сендіруде.

Сондай-ақ, елдің денсаулық сақтау министрлігі де мемлекетте коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді.

Дегенмен елде мешіттер карантинге жабылып, алдағы Наурыз мерекесінде жаппай шараларды өткізуге шектеу қойылған.

Айта кетейік, Қазақстанда да коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін жаппай мерекелік шаралар тоқтатылды.

Мәселен "Сақтықта қорлық жоқ" ұранын ұстанған Атырау облысында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейтін болды.

Ал оған дейін Маңғыстау облысында мәдени іс-шараларға шектеу қою туралы шешім қабылданған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844289-tzikstanda-koronavirustan-korykkan-halyk-ndy-zappaj-satyp-alyp-zatyr/

pixel