Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн сайын ашқарынға су ішсе организмде не өзгереді

Опубликовано:

стакан с водой
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Адам баласы күніне кемінде екі литр су ішуі керек деген сөзді жиі естиміз. Алайда көпшілік күнделікті таңертең, төсектен тұра салып су ішсе, организмде қандай өзгерістерін болатынын біле бермейді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ inosmi.ru-ға сілтеме жасап судың ағзаға берер пайдасын анықтады.

Организм тазарады

Түнгі уақытта адам денесі демалып, токсиндерді шығарады. Егер сіз таңертең ашқарынға су ішсеңіз, онда организмнен зиянды заттарды шығаруға көмектесесіз. Сонымен қатар, жылы су ішу бұлшықет жасушалары мен жаңа қан жасушаларының пайда болуына ықпал етеді.

Зат алмасу жылдамдығы артады

Егер ашқарынға су ішсеңіз, онда зат алмасу қарқындылығы 24 пайызға артады. Соның арқасында ас қорытуыңыз жақсарып, артық салмақтан арылуға болады. Алайда бұл үшін жылы су ішкен дұрыс.

Асқазанның бұзылуы мен қыжылдан арылуға көмектеседі

Ас қорыту процесі асқазанда қышқылдың көбеюі салдарынан бұзылады. Қышқыл өңешке түскенде, ауызда жағымсыз дәм пайда болады. Егер таңертең ашқарынға су ішсеңіз, онда қышқыл азайып, қыжыл да болмайды. Осылайша, асқазаныңыз таңғы асқа дайын болады.

Теріңіздің сапасы жақсарып, табиғи қалыпқа ие болады

Сұйықтық жетіспегендіктен мерзімінен бұрын әжімдер пайда болып, тері тесігі үлкейе түседі. Зерттеулер нәтижесінде ашқарынға ішілген 500 мл судың қан айналымды жақсартатыны дәлелденген.

Шашыңыз жалтырай түседі

Сұйықтық жетіспеуі салдарынан шаштың өсуі баяулайды. Су шашды ылғалдандырып, оған айрықша көлем береді. Егер адам сұйықтықта аз ішсе, шаш та жұқа әрі сынғыш болып кетеді. Күні бойы су ішіп жүру маңызды, алайда ашқарынға ішкен су шашқа ерекше әсер етеді.

Бүйректе тас пайда болуы мен цистит қаупі азаяды

Төсектен тұра салып ішкен судың арқасында бүйрекке тас жиналуы мен қуықтың қабынуы қаупін азайтуға болады. Жеткілікті мөлшерде ішілген сұйықтық ағзаны улы заттардан арылтады.

Иммунды жүйе күшейеді

Ашқарынға су ішу - лимфа жүйесінің балансы үшін пайдалы болғандықтан, ол адам баласының әртүрлі ауруға төтеп бере алуына мүмкіндік жасайды.

Еске сал кетсек, ресейлік дәрігер Алексей Бессмертный қолды шамадан тыс сабындап жууға болмайтынын айтқан еді. Оның сөзінше, қолдағы пайдалы бактериялар өлуі мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844984-k-sajyn-askarynga-su-isse-organizmde-ne-zgeredi/

pixel