Қазақстанда коронавирусқа байланысты барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы республика аумағындағы барлық қоғамдық іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдады. Тоқаев коронавирустың алдын алу үшін үкіметтің арнайы шараларды қолға алғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус пандемия деп жарияланған соң Қазақстандағы барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылатын болды.
Президент азаматтардың азық-түлік және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылатынын айтты.
ОКҚ өтіп жатқан брифинг барысында вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты үкіметтің қандай шаралар қабылдайтынын айтты.
Сонымен, 13 наруыздан бастап жаппай іс-шаралар мен оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынады. 16 наурыздан бастап барлық колледждер мен ЖОО қашықтықтан оқытуға көшеді. Халықаралық жолаушылар тасымалы да шектеледі.
Сондай-ақ, қарттар үйінде де санитарлық-профилактикалық шаралардың күшейтілмек.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус COVID-19 вирусын пандемия деп жариялаған еді.
Осыдан соң президент коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасап, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845012-kazakstanda-koronaviruska-bajlanysty-barlyk-kogamdyk-is-saralar-toktatylady/