Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада бірінші рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

Опубликовано:

Украинада коронавирустан бірінші адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Украинадағы Житомир облысының тұрғыны, 71 жастағы әйел қайтыс болған. Ол 12 наурыз күні аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын.

Қазіргі уақытта кейуанамен күнделікті қарым-қатынаста болған туыс-туғандары, жақындары дәрігерлердің бақылауына алынған. Бұл жайында Украина денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында мәлім еткен.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

Көп ұзамай Алматыда коронавирус жұқтырған төртінші адам тіркелді. Қауіпті инфекция Германиядан келген Қазақстан азаматынан анықталған.

Ахметшәріптің айтуынша, төртінші вирус жұқтырған азамат 1976 жылы туған. Ол Германиядан әуе рейсі арқылы келген. Оған диагностика жасалып, нәтижесінде инфекция расталған. Қазір науқас медициналық бақылауда және ем қабылдап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845352-ukrainada-birinsi-ret-koronavirustan-adam-limi-tirkeldi/

pixel