Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам болмайды: Оралдық емші дәрігерлер күдерін үзген сәбидің өмірге келуіне себепкер болды

Опубликовано:

Оралдық емші Ұмай ана – Анардың қабылдауында болған бірнеше келіншек өздерінің оқиғаларымен бөлісті. Сәби сүюге көмектесетін, бүгінге дейін бес мыңға жуық баланың дүниеге келуіне себепкер болған емшіге қаралушылар алғыстарын жаудыруда. Солардың бірі - Гүлдана Боранбаева. Түсік тастаған соң бірнеше жыл бойы сәби сүйе алмаған ол осыдан төрт жыл бұрын екінші баласын дүниеге әкелді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Адам болмайды: Оралдық емші дәрігерлер күдерін үзген сәбидің өмірге келуіне себепкер болды
Фото: Жеке мұрағат: UGC
"2015 жылы оралдық емші Анар апайдың алдында келдім. Бірінші баламнан соң түсік тастап, екіншісін көтеру қиынға соқты. Сол кезде жұмыстағы әріптестерімнің бірі ел арасында Ұмай ана атанып кеткен Анар апайға баруымды өтінді. Ойланбастан ем қабылдап, бір жылдан соң Кәусар есімді қызымды дүниеге әкелдім. Алдымен Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын. Кейін Анар апайдың емі шипа болды", - дейді Гүлдана.

Гүлдананың туған әпкесі мен сіңлісі де ұзақ жылдан бойы бала сүйе алмаған соң, емші Анардың көмегіне жүгінген.

"Туған әпкем Динара мен туған сіңлім Салтанатқа да Анар апайдың көмегі тиді. Әпкем біраз жыл бала сүйе алмай, биылғы 4 ақпанда дүниеге бір ханшайымды алып келді. Оның алдында екі баласы бар. Бірақ он жасар баласы сал ауырына шалдыққан соң, соның еміне біраз уақыт жұмсап, сәбилі болуды кейінге ысыра берді.

Ал сіңлім Салтанаттың оқиғасы бөлек әңгіме. Аяғы ауыр сіңлім УДЗ-ға түскен соң, дәрігерлер баланың құрсақта дамымай, қатып қалғанын айтып, баланы алдыртып тастауға шақырады. Осыны естіген сіңлім маған келіп, тоқтаусыз жылаумен болды. Құрсағындағы сәбидің тіршілік белгілерінсіз жатқанын есту қай анаға оңай? Мен көп ойланбастан, Анар апайға жібердім. Ол кісі баланың алдырмауға кеңес берді.

Дені сау сәбиді дүниеге әкелесің деп сендіріп, емін бастап кеті. Міне, апайдың айтқаны айдай келіп, дәрігерлер адам болмайды деген сәби аман-есен дүниеге келді. Әріптесім де Анар апайға қаралып, қатарынан үш ұл босанды. Айта берсем, дәлел көп. Осы орайда, бала сүйе алмай жүрген әрбір анаға Алладан үміт үзбеу керектігін айтқым келеді", - дейді Гүлдана.

Айта кетелік, бүгінге дейін бес мыңнан аса әйелдің жүкті болуына себепкер атанған Ұмай ана Анар туралы материал KAZ.NUR.KZ сайтында жарық көрген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845456-adam-bolmajdy-oraldyk-emsi-drigerler-kderin-zgen-sbidi-mirge-keluine-sebepker-boldy/

pixel