ТЖ кезінде Алматы әуежайында не болып жатыр (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті төтенше жағдай режимін жариялады. Салдарынан рейстерге шектеу қойылды, енді Қазақстаннан шетелдіктер, дипломаттар және емделуге кетіп бара жатқан отандастарымыз ғана шыға алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мұндай шешім коронавирусты таратудың алдын алуы үшін қабылданған еді. Осы орайда Алматы әуежайы қаңырап, бос қалғандай сезім қалдырады.
Әуежай алдында босаған көлік тұрағы бірден көзге түседі. Әуежай аумағында тұрған көліктердің көбі таксистерге тиесілі.
Жекеменшік жүргізушілер әуежай ғимаратынан шыққан жолаушыларға жақындап, Көк базар ауданына дейін 1500 теңге жеткізіп салатынын айтып, өз қызметін ұсынуда.
NUR.KZ тілшісі әуежайға келген кезде халықаралық ұшып келу залдары айтарлықтай бос болды. Ал ұшып кету залдарындағы адамдар саны көбірек.
Шамамен өз отанына оралғалы жатқан шетелдіктердің саны басым, ал қазақстандықтар ішкі рейстер бағытына көбірек ұмтылуда.
Паспорттық бақылауды кезегінде біз тек бірнеше адамды көрдік.
Хабарландыру тақтайшасына сәйкес, әуекомпаниялар Қазақстан қалалары арасында және жақын шетелдерге рейстерді орындауда.
Десе де, мысырлық Шарм-эль-Шейх бағытындағы рейс күтілуде.
Көптеген жолаушылар маска таққан. Кәдесый дүкендері мен дәмханалар әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің әрекеті қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845648-tz-kezinde-almaty-uezajynda-ne-bolyp-zatyr-foto/