Төтенше жағдай режимі алдағы уақытта ұзартылуы мүмкін бе
Опубликовано:
ТЖ режимінің әрекеті қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы жолдау кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Қажет болған жағдайда уақыты ұзартылуы мүмкін.
Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. - деді президент өз сөзінде.
Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі білім беру үдерісіне өз түзетулерін енгізетінін, алайда балалардың денсаулығы мемлекет үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса қауіпті коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай жарияланғанын және соған байланысты қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылғанын мәлімдеді.
"Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды".
Естеріңізге сала кетейік, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 14:00-де отандық телеарналар арқылы барша қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1845620-tz-rezimi-kazet-bolgan-zagdajda-zartyluy-mmkin/