Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты кімдер таратады: Ғалымдар күтпеген мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қытай ғалымдары коронавирус таратушысы кішкентай балалар болуы мүмкін екенін айтады. Cебебі, бүлдіршіндерде дерттің белгілері байқалмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Зерттеушілер мектептерді карантинге жабу туралы билік шешімін құптады. Себебі, соңғы жұмыстар коронавирус жұқтырған балаларды ауру белгілері байқалмайтынын көрсетті. Зерттеу нәтижелерін MedicalXpress ғылыми порталы ұсынды.

Гуанчжоудағы әйелдер және балалар медицина орталығы коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 2 айдан 15 жасқа дейінгі 745 баланы тексерді.

Коронавирус 10 баладан, яғни 13 пайызынан анықталды. Бірақ олардың ешқайсысында ауру белгілері байқалмаған, тек дене қызуы көтеріліпті. Онда да барық бүлдіршінде емес.

Кей жағдайда балалардың тамағы ауырған. Бірақ ол белгілер коронавирус жұқтырған балаларға емес, ересектерге тиесілі.

Мұның барлығы балаларды әлеуетті қауіпті ауру таратушылар ретінде көрсетеді. Одан бөлек, балалар ағзасында вирус көбірек өмір сүреді.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845748-koronavirusty-kimder-taratady-galymdar-ktpegen-mlimdme-zasady/