Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

My Activ/My Kcell: Миллион абонентті кеңселерден қосымшаға қалай көшіруге болады

Опубликовано:

2020 жылдың ақпанында "Кселл" АҚ-тың My Activ қосымшасы Android-те 1 миллион рет қондырылды және iOS-та My Kcell қосымшасын пайдаланушылардың үлесі 44%-ға өсті. Қосымшаның қолайлылығы неде, абоненттер кеңсеге келудің орнына неліктен өзіне өзі қызмет ету арналарын таңдайды, қандай функционал қолжетімді және қосымшаны құрастыратын адамдар кімдер?

My Activ/My Kcell: Миллион абонентті кеңселерден қосымшаға қалай көшіруге болады

Осының барлығы туралы бізге "Кселл" АҚ-тың құрастыру командасы айтып берді.

New Business секторының Stream Leader-і, "Кселл" АҚ-тағы B2C сандық арнасына жетекшілік ететін Андрей Тихонов жауап береді.

- My Activ және My Kcell қосымшаларының қолайлылығы неде? Олардың функционалдары қандай?

- Біздің команда үшін №1 мақсат - әр абоненттің смартфонында болу. Оған жету үшін бізге байланыс операторларының дәстүрлі тізімін, яғни теңгерімді, тарифтік жоспарды, абоненттік төлем алынған күнді және әрине, детализацияны қарауды дамыту өте маңызды. Абоненттер мобильді қосымша арқылы қосымша пакеттерді, қызметтер мен роумингтерді белсенді түрде қосады, қосылған қызметтерді қарап, SIM-картаны ауыстыра алады. Қазір біз мобильді қаржылық сервистерді, атап айтсақ банк картасы арқылы теңгерімді толтыру, нөмірден нөмірге ақша аудару және QR төлемдерді белсенді түрде дамытып жатырмыз.

- Ал activ.kz және kcell.kz сайттары жөнінде не айта аласыз?

- Біз сандық арналарды тек мобильді қосымшалармен шектемейміз. Біз үшін теңгерімі нөл болса да абоненттер барлық қажетті қызметті ала алатын activ.kz және kcell.kz сайттарындағы жеке кабинеттерді дамыту да маңызды. Сайттардың өсуі іздеу сұраныстарына байланысты. Егер абоненттер бұрын өз мәселелерін шешіп, тарифтік жоспар қосу үшін Call Center немесе Kcell Store-ге жүгінсе, қазір олар Google немесе Yandex-ке жүгінеді. Соңғы айда бұл сайттардың жалпы аудиториясының 60,9% құрады және біз SEO-ны онлайн-маркетологтармен белсенді түрде дамытудамыз.

My Activ/My Kcell: Миллион абонентті кеңселерден қосымшаға қалай көшіруге болады

Technology департаментінде Project Manager, командадағы Agile SCRUM методологиясын дамытушы Камила Бектенова жауап береді.

- 1 000 000 қондыру - бұл үлкен жауапкершілік. Екі брендке бірдей жауапты болып, оны қалай игересіздер?

- Иә, әрине, абоненттің көргені менің ғана емес, бүкіл команданың нәтижесі. Жаңа функционалды құрастырғаннан бөлек, біз үнемі іске асырылған функционал бойынша абоненттердің өтінімдерін өңдейміз. Кейде абоненттерге тікелей хабарласып, қосымша үшін дамыту аймағын табатын кездеріміз де болады.

- Осы немесе басқа функционалды енгізу туралы шешімді қалай қабылдайсыздар? Басымдықты қалай бересіздер?

- Біз өз қалауымыздан тыс немесе "бәсекелес жасады - бізде қайталайық" демейміз. Біздің команда осы қосымшалардағы абоненттердің мінез-құлқын мұқият талдайды. Пайдаланушы тәжірибесін зерттеу мамандары Call Center-ге қоңыраулар, Google Play, App Store-дегі пікірлер мен әлеуметтік желілердегі пікірлер негізінде "Клиенттік жолды" жасайды.

- Құрастыру барысында қандай қиындықтар туындайды?

- My Activ және My Kcell қосымшалары бір көзбен қарағанда бір-біріне ұқсас. Кейде бізге "Онда түстері ғана әртүрлі ғой" деп айтатындар да бар. Шын мәнісінде, "қақпақ астында" әртүрлі сәулетті, екі басқа биллинг бар. Бұл екі жұмыс, бірақ бізге бірдей мәселені әртүрлі әдістермен шешуге үйретеді.

Біз Android және iOS платформаларының функционалын бөлеміз. Бізде 44% iPhone пайдаланушыларының өте жақсы аудиториясы бар. Жыл басында біз iOS құрастыру командасын күшейттік және iOS-та Android секілді дамиды деп үміттенеміз.

My Activ/My Kcell: Миллион абонентті кеңселерден қосымшаға қалай көшіруге болады

New Business секторының Stream Leader-і, "Кселл" АҚ-тағы B2C сандық арнасына жетекшілік ететін Андрей Тихонов жауап береді.

- iOS платформасындағы құрылғыларға арналған қосымшаның жағдай қандай? iPhone үшін қосымшаның қандай ерекшеліктері бар?

- Бір құпияны ашайын, біз iOS-тағы My Activ қосымшасында SIM-картаны eSIM-ге ауыстыруды әзірлеуді аяқтаудамыз. Біздің клиенттік жол клиент байланыссыз қалмайтындай және eSIM топтамасы үшін Wi-Fi іздемейтіндей етіп құрастырлыған.

- Мобильді қосымшаларды дамытуға арналған қандай жоспарларыңыз бар?

- Біздің қосымшаларға бес жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында біз абоненттердің нөмірді басқа оператордың желісінен Kcell / activ желісіне немесе activ және Kcell арасындағы ауыстырудан бастап, смартфонды бөліп төлеуге сатып алуға дейін кеңселерге келіп шешетін мәселелерінің барлығын қосымшалар жасай алатындығына көз жеткіздік. Соңғысын өткен жылы сайтта өте жақсы орындадық және қосымшадағы интернет дүкенді біріктірудің нативті процесін бастап кеттік.

Келісілген смартфонды сатып алған соң 2 жылдан кейін абоненттің біздің интернет дүкенге қайта келуі үшін мүдделіміз. Сол үшін қосымшада төлем кестесі, қарыздың болуы, келесі төлем туралы ескерту құрастырылған. Біздің жоспарларымызда мобильді қаржылық қызмет, роумингтік, ойын-сауықтық, тарифтік жоспарлар бойынша әлі көптеген қызықты жаңалықтар бар. Біздің қосымшаларды жүктеп, жаңартылуларды бақылаңыздар!

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845827-my-activmy-kcell-million-abonentti-keselerden-kosymsaga-kalaj-ksiruge-bolady/

pixel