Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел болып жеңеміз": Ақтөбелік фермерлер вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге 750 мың теңге аударды

Жарияланған күні:

Ақтөбеде мал шаруашылығымен айналысуды енді ғана бастаған фермерлер жаһанды жайлаған вируспен күреске үлес қоспақ. Олар ел басына күн туған шақта дәрігерлерге көмек ретінде 750 мың теңге қаржы аударды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Біз шағын және орта кәсіп иелері әрдайым мемлекеттен көмек, жеңілдік сұраймыз. Бүгін ақылдасып, елге әркім мүмкіндігінше көмек көрсету керек деп шештік. Әр аудан, ауылдағы шаруалар шамалары келгенше ақша аударып жатыр. Бұл - біздің еліміз. Осында өзіміз, балаларымыз, ұрпағымыз тұрады. Мемлекетке көмек көрсететін уақыт келді. Сол үшін де осы бастама қолға алынды",- дейді фермерлер орталығының өкілі Руслан Шүйіншалин.

Жүзден аса фермерден 700 мың теңгеден аса қаржы жиналды. Екі мың теңгеден бастап, 50 мың теңгеге дейін аударғандар бар. Табысы несиеден артылмағандар көмектерін малдай беруде.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Қазір шаруалардың көпшілігі несиемен отыр. Қаржылай көмек бере алмағандар қорасындағы ірі қарасын беруде. Ол малдарды 21-22 наурыз күні сойып, қарттар үйі мен мүгедектер қоғамына таратып бергіміз келеді",- дейді Руслан Шүйіншалин.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Коронавирус - экономикадағы түрлі салаға ауыр соққы. Десе де, бұл қиындықтан ел болып шығамыз деген шағын және орта бизнес өкілдері алдағы уақытта осындай көмекті тағы да қайталамақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846120-el-bolyp-zeemiz-aktbelik-fermerler-viruspen-kresip-zatkan-drigerlerge-750-my-tege-audardy/