Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьда полиция коронавирус жайлы алғаш айтқан марқұм дәрігерден кешірім сұрады

Опубликовано:

Ухань қаласының полициясы жаңа коронавирус жайлы хабарлап, кейін жалған ақпарат таратты деп құқық қорғау органдарынан ескерту алған марқұм дәрігердің жанұясынан кешірім сұрады. Ли Вэньлян алғашында ешкімге дәлелдей алмаған вирустан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Видеодан скриншот (Fly News From The World/Youtube
Фото: Видеодан скриншот (Fly News From The World/Youtube: Twitter
"3 қаңтар күні Ухань қаласы Учан ауданындағы "Чжуннаньлу" полиция бөлімшесі инфекциялық ауру жайлы интернетте хабарлама жариялап, оны таратқан дәрігерге тексеріс жүргізді. Кезекшілер Ли Вэньлянмен сөйлесіп, хаттама толтырған, оған ресми түрде ескерту берген", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, қызметкерлердің жағдайды дұрыс реттемей, заңды орындау мен тиісті әрекеттерді қабылдау барысында қателік жібергені айтылды.

"Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы берілген ескертуді заңсыздандыру және қателік үшін жанұядан (марқұм дәрігердің-ред) кешірім сұрау туралы шешім қабылдады. Біз сабақ алып, өз жүмысымызды жақсартатын боламыз. Заңдардың қатаң, әділ және өркениетті орындалуына қол жеткіземіз", - деді басқармада.

Айта кетейік, шетелдік онлайн дайджестерде Қазақстанда коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелгені туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш мәліметті жоққа шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846451-uhanda-policia-koronavirus-zajly-algas-ajtkan-markm-drigerden-kesirim-srady/

pixel