Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде короновирус жұқтырғандар саны 725 мыңнан асты

Опубликовано:

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 726 мың 187 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде короновирус жұқтырғандар саны 725 мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

ВNO News.com мәліметінше, коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр.

Онда COVID-19 инфекциясы 140 мың аса адамнан анықталған. Қазіргі уақытта АҚШ вирусты жұқтырғандар саны 100 мың адамнан асатын жалғыз ел болып отыр.

Бір тәулік ішінде ауырған америкалықтардың саны 16,5 мыңнан аса адамға артқан.

Коронавирусты ең көп жұқтырғандардың арасында Италия екінші орында тұр. Бұл еуропалық елде вирус 97 мыңнан аса адамнан анықталған (тәулігіне 5 мыңнан астам адам жұқтырған).

Ал коронавирустың қайтыс болғандар 11 пайыздан асады. Бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. Осы елде COVID-19-дан 10,7 мыңнан аса тұрғын көз жұмған.

Жалпы бүкіл әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 34 мыңға жетіп отыр.

COVID-19 ауырғандар саны бойынша үшінші орында Қытай тұр, онда індет таралғалы бері 81,5 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Бүгінгі таңда 75 мың аса науқас дертінен айығып шыққан. Яғни 156 577 адам коронавирусты жеңе алған.

Сонымен қатар Испанияда да COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны қарқынды өсуде. 24 сағат ішінде елде 6 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус 284 адамнан анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847803-lemde-koronovirus-zktyrgandar-sany-725-mynan-asty/

pixel