Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары

Опубликовано:

Қарт адамдардан бөлек, қант диабетіне, семіздікке, өкпе мен тыныс алу жолдары, сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына шалдыққан адамдардың коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ол сондай-ақ бүгінде ауыр жағдайда жатқан науқастардың қатарында жастары 40-қа жетпеген адамдардың да бар екенін атап өтті.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, вирусқа шалдыққан адамдар үшін ішімдік ішу аса қауіпті, оларға көмектесу өте қиын, тіпті, кейбіреулерін құтқару мүмкін болмайды. Сондай-ақ ол науқастар үшін темекінің де үлкен қауіп тудыратынын жеткізді.

"Яғни бұл жағдайда алкогольден сөзсіз бас тарту қажет. Қазір оны қандай мөлшерде болсын ішу зиян. Бұл темекіге де қатысты. Бір жерде темекі коронавирусты өлтіреді деген қауесет шығыпты. Бұл – сандырақ", – деп мәлімдеді министр.

Ол темекі шегетін әр адамның қандай да бір өкпе ауруына, соның ішінде бронхитке душар екенін жеткізді. Айтуынша, бұндай аурулары бар адамдар вирус жұқтырса, "оның арты жақсылыққа алып бармайды".

Сондай-ақ ведомство басшысы дұрыс тамақтануға, физикалық жаттығу жасауға кеңес берді. Айтуынша, қазіргі уақытта иммунитетті қатайтудың маңызы зор.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847913-kimderdi-koronavirus-zktyru-kaupi-zogary/

pixel