"Тым-тырыс қалып, көктемін күткен": Карантин кезіндегі Алматы көшелері қандай
Опубликовано:
Алматылық фотограф Әділет Рахметолла төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді. Мегаполистің карантин режиміндегі бүгінгі келбеті бейнеленген туындыларын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/ed468f4643b70a2a.jpeg)
Автор біріккен фотолардың жиынтығына "Тым-тырыс қалған, көктемін күткен көшелер" деген атау беріпті. Фотограф қаланың тынысын жеткізбекші болған бұл суреттерді Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/20ba650f6254f9ea.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/3368c87753d27970.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/43347e23becb389c.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/bc7faab00c31a1c5.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/0a39c11a67b52996.jpeg)
Еске сала кетсек, бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда 294 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус еліміздің 12 өңіріне тарап кеткен. Инфекцияның алдын алу үшін қазақстандық қалалар мен облыстар карантинге жабылып жатыр.
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/ce050fa8a148a832.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/dbceea891449f91c.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/dd4aa8c5fc2dc7bd.jpeg)
![Алматы көшелері Алматы көшелері](https://cdn.nur.kz/images/1120/f4c89ca31025fbb0.jpeg)
Айта кетсек, карантиннен бөлек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу шаралары енгізілді. Мәселен, 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында әкімдік, полиция, аурухана секілді мемлекеттік органдарды қоспағанда барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды. Сонымен бірге, банктер де уақытша қызмет көрсетпейді.
Айта кетейік, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. 22 наурыздан бастап, бұл қалаларға кіруге және шығуға болмайды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847915-tym-tyrys-kalyp-kktemin-ktken-karantin-kezindegi-almaty-kseleri-kandaj/