Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай қалалар карантинге жабылды

Опубликовано:

Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда 293 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус еліміздің 12 өңіріне тарап кеткен. Инфекцияның алдын алу үшін қазақстандық қалалар мен облыстар карантинге жабылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қандай қалалар
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еліміз бойынша алғашқы коронавирус жұқтыру деректері тіркелген Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимі күшіне енген. Ал 22 наурыздан бастап басқа қалалармен байланыс тоқтатылды. Яғни екі мегаполиске кейбір жағдайларда қоспағандар, не кіруге, не шығуға болмайды.

30-шы наурыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары карантинге жабылды. Мұнда темір жол, әуе байланысы, маршруттық рейстер тоқтатылған.

Жоғарыда көрсетілген қала тұрғындарына қажеті болмаса үйден шықпауға кеңес берілген. Қоғамдық тамақтану, сұлулық салоны, балабақшалар, моншалар жабық. Жұмыс берушілерге қызметкерлеріне қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруге немесе үйлеріне ертерек жіберуге ұсыныс жасалған.

Бұл өңірде 7 адамнан коронавирус табылды.

30 наурыздан бастап Атырау қаласында да бірқатар шектеулер күшіне енді. Бұл өңірде коронавирус жұқтырудың 12 дерегі тіркелген. Дәл осы қалада еліміз бойынша алғаш рет медицина қызметкерінен COVID-19 анықталды.

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда да ерекше режим іске қосылды. Мұнда қала ішінде таңғы 7 мен кешкі 8-ге дейін қозғалуға, қоғамдық көліктің жұмыс режиміне шектеу қойылған. Тұрғындарға аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес берілген. Сондай-ақ вокзалдар мен әуежай жұмыстарына да жаңа ережелер енгізілді.

31 наурыздан бастап 2 вирус жұқтыру дерегі тіркелген Ақтөбе облысы мен бірде бір инфекция анықталмаған Қостанай облысына кіріп-шығуға тыйым салынады.

Айта кетсек, карантиннен бөлек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу шаралары енгізілді. Мәселен, 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында әкімдік, полиция, аурухана секілді мемлекеттік органдарды қоспағанда барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды. Сонымен бірге, банктер де уақытша қызмет көрсетпейді.

Сондай-ақ еш себепсіз көшеде жүрген алматылықтар мен астаналықтарға айыппұл салынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847849-kazakstanda-kandaj-kalalar-karantinge-zabyldy/