Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Zhas Project Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады

Опубликовано:

Қазақстан аумағында Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асыратын Zhas Project Жастар корпусын дамыту жобасы ел аумағында коронавирустың таралуынан Мемлекет басшысының төтенше жағдай енгізуіне байланысты жұмысын уақытша тоқтатады.

Тоқаев

2020 жылғы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа типтегі коронавирустық инфекциясын пандемия деп атады, ал 13 наурызда екі күн өткен соң Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізді.

Бүкіл әлем үшін осы бір күрделі кезеңде Covid-19 таралуының алдын алу бойынша бірлескен күш-жігерді қолдау - өмірлік маңызға ие мәселе болып отыр, себебі бұл жергілікті қоғамдастықтарға да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтарға да қатысы бар. Қазақстан аумағындағы ТЖ режимі 15 сәуірге дейін әрекет ететініне байланысты Zhas Project Жастар корпусын дамыту жобасы өз іс-шараларының көпшілігін, атап айтқанда өтінімдерді іріктеуді және гранттық бағдарламаны бастау бойынша жұмыстарды уақытша тоқтатады, себебі аталған жағдайда бенефициарларды оқыту және олардың кіші жобаларды іске асыруы тығырыққа тіреліп тұр.

Бүгінгі күні жобаларды іске асыру қиындықтары еліміздің өңірлеріне де әсер етті, себебі Қазақстанның көптеген облыстарында карантин енгізілді және қозғалыс шектелді. 30 наурыздан бастап Қарағанды, Атырау, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды, ал Ақтауда ерекше режим енгізілді. 31 наурызда сағат 00.00-ден бастап Ақтөбе және Ақмола облыстары оқшауланады.

Zhas Project қызметін уақытша ғана тоқтатады және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай қалпына келтірілгеннен кейін өз жұмысын жалғастырады.

Zhas Project туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847965-zhas-project-kazakstandagy-zmysyn-uakytsa-toktatady/

pixel