jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

ТЖ кезінде Ақтөбеде адамдарды лық толтырып алған автобустың видеосы тарады

: UGC

Елде ТЖ режимі енгізілгеніне әрі көп адам шоғырланған орындарға баруға рұқсат етілмегеніне қарамастан, Ақтөбеде жолаушыларды толтырып мінгізіп алған автобустың видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТЖ кезінде Ақтөбеде автобус адамдарды лық толтырып алған (видео)
Фото: видеодан кадр: UGC

Оқиға орнындағы жолаушылардың бірі Ақтөбедегі 52-ші маршрут автобусының сығылысқан адамдарға толы салон ішін видеоға түсіріп алған.

Кондукторлар бекітілген ережелерді сақтамай, жолаушыларды отырғыза берген. Бұл қаладағы 31 наурыздан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген карантин ережелерін бұзу болып табылады.

"Мен автобусқа отырған кезде, ара қашықтық сақтауға орын жеткілікті еді. Бірақ бара-бара салон іші толып кетті. Жүргізуші мен кондукторға ескертіп едім, ләм-мим демеді. Әр аялдамада тоқтап, жолаушыларды отырғызуын жалғастыра берді", – деді жолаушы.

Аталған маршрут бағынатын "ЖАКК" компаниясының өкілі жүргізуші мен кондуктордың басқа амалдары жоқ екенін айтып сендірді.

Карантин режимі енгізілгеніне орай, жолдағы автобустар санын 2 есе қысқартуға мәжбүр болған.

"Студенттер мен мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап автобусқа отырмағандықтан, көлік санын қысқарта бастадық. Кешегі күнге дейін жолаушылар ағыны 80%-ға дейін төмендеді, жұмысшылардың жалақысы, көлік бөлшектеріне қаржы керек, сол себепті үлкен шығынға бата бастадық.

Мемлекеттен субсидия келіп жатқан жоқ. Сол себепті біз көп автобус шығара алмаймыз. Бізде барлығы сараланған, карантин режимінде автобуспен жүруі тиіс жолаушыларға ғана есептелген.

Бірақ біздің тұрғындар 2-3 күн үйінде отырды да, кейін еркінсіп, автобуспен жүре бастады. Қазір тұрғындар автобуспен қаланы аралап жүрмеуі керек, тек өз үй маңындағы дүкен мен дәріханаға шығуы тиіс.
Егер оларды автобусқа отырғызбасаң, тағы арызданады, отырғызсаң, ауру жұғу мен жауапқа тарту қаупі бар", – деп пікір білдірді "ЖАКК" ЖШС қозғалысты бақылау бөлімінің басшысы Асанғали Бимырза.

Аймақтағы полиция департаментінің айтуынша, 52-ші маршрут автобусының жүргізушісі мен кондукторына қатысты тексеру жүріп жатыр.

"ЖАКК" жұмысылары ТЖ режимі ережесін бұзғаны үшін ӘҚБтК сәйкес жауапқа тартылады.

Айта кетейік, Алматыда бір тәулікке пәтер жалға берген әйелдер ұсталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

ТЖ кезінде Ақтөбеде адамдарды лық толтырып алған автобустың видеосы тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.