jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әкесі карантин ережесін елемеген ұлын ерекше тәсілмен үйде отырғызып қойды (фото)

: UGC

Филиппинде әкесі карантин кезінде үйде отыра алмаған тынымсыз ұлын ел алдына шыға алмайтындай еткен. Ол үшін ер адам баласының шаш үлгісін өзгертіп тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Әкесі карантин ережесін елемеген ұлын ерекше тәсілмен үйде отырғызып қойды
Фото: © Facebook / Marah Badajos Cabido: UGC

Бір-екі апта бұрын Филиппинде коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін жалпыұлттық карантин енгізілді. Әрине, үйде отырғысы келмейтіндер барлық жерде бар.

Мәселен сол елдегі бір оқушының әкесі ұлына достарымен көшеде жүгірудің қауіпті екенін түсіндіруден шаршаған. Сондықтан мәселені шешудің ерекше жолын ойлап тапқан. Ол баласының шаш үлгісін "өзгертіп", оны жұрт алдына шыға алмастай етіп қойған.

Жеткіншектің жылап тұрған суреті желіге лезде тарап кеткен. Енді ол ұлының жүз пайыз үйден шықпайтына сенімді бола алады.

Әкесі карантин ережесін елемеген ұлын ерекше тәсілмен үйде отырғызып қойды (фото)
Фото: © Facebook / Marah Badajos Cabido: UGC

Суретті жасөспірімнің әпкесі Мара Бадахос Кабидо желіге салған. Ал желі қолданушыларының арасында ер адамның іс-әрекетін сөккендер де табылды.

Десе де, жеткіншектің әпкесі әкелерінің неліктен бұлай жасағанын баяндады. Оның айтуынша, ер адам баласының коронавирусты жұқтырып алмауы үшін осындай шешім қабылдаған деп жазады ettoday.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы төрт адам тіркелді. Елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 448-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Әкесі карантин ережесін елемеген ұлын ерекше тәсілмен үйде отырғызып қойды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.