Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда онлайн оқыту тоқтатылды

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде онлайн оқыту тоқтатылатынын тек қашықтан оқыту жүйесі ғана қалатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Ұстаздармен бірнеше онлайн кездесу өткіздім. Сонда қашықтан оқыту туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Біз ол ұсыныстармен келісіп, сабақты онлайн өткізуді тоқтату керек деген шешімге келдік", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, бірінші сәуірде елімізде сынақ сабақтар өткізілген. Соның барысында онлайн оқудағы көптеген ыңғайсыздықтар байқалған.

"Сол кезде тек қана онлайн режимде 1 млн 250 бала шығып, дәріс алып көрді. Жалпы осы сынақ сабаққа әртүрлі платформада еліміз бойынша 2,5 миллион бала қатысты. Нәтижесінде жақсы дайындықты көрдік. Ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде қашықтан оқыту жүйесіне бағытталып, шеберлігін шыңдап дайындалған екен.
Барлық ұстаздарға алғыс айтқым келеді. Сынақ сабақтар кезінде басқаша мәселелерді көрдік. Онлайн осыншама қосылуды көтермейді, соған байланысты көп ыңғайсыздықтар болды. Оған көзіміз жетіп отыр. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Онлайн оқудың орнына, мен айтқан платформалар арқылы қашықтан оқытуды жүргізуіміз қажет", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрі қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды шатыстыруға болмайтынын атап өтті.

"Біз қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды бірдей ұғымда пайдаланамыз. Негізінде қашықтан оқыту онлайн оқытуға тең емес ұғым. Қашықтан оқыту – жаңағы біз айтқан пошта, теледидар, радио, тапсырмаларды интернет арқылы алып оқу. Осы екі ұғымды бөлек тануымыз керек.
Мысалы, Bilimland.kz платформасында бүгінгі күні 40 мыңнан астам әртүрлі ресурстар бар. Оған тіркелу, пайдалану толығымен тегін.
Қашықтан оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануға болады. Қандай ресурс ыңғайлы соны толығымен пайдалануға болады. Тағы бір өте маңызды жайт, көбі қашықтықтан оқыту дегенді онлайн оқу деп ойлайды", - дейді министр.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес оқушылар көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шығып, студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848931-kazakstanda-onlajn-okytu-toktatyldy/

pixel