Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ТЖ кезінде сауық кешін жасаған жігітті көршілері "ұстап" берді

Опубликовано:

Ақтөбе тұрғыны елдегі жарияланған төтенше жағдай мен енгізілген шектеулерге қарамастан, үйінде сауық кешін жасауды жөн санаған. Ол шағын жиынға әріптестері мен достарын шақырыпты. Енді жігіт заң алдында жауап беруі тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақтөбелік жігіт ТЖ кезінде сауық кешін ұйымдастырған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жиын 7 сәуір күні 30 жастағы қала тұрғынының үйінде ұйымдастырылған. Улап-шулап көңіл көтерген азаматтардың қылығы көршілерінің мазасын алғанға ұқсайды.

Сол себепті олар полицияға хабарласқан. Оқиға орнына учаскелік инспектор келіпті.

Үй қожайынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Енді ол ТЖ тәртібі мен карантинді неге бұзғанын сот алдында түсіндіретін болады.

Кодекстің мұндай бабы бойынша жас жігітке 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе ол 15 тәулікке қамауға алынады.

Полицияның дерегі бойынша, аймақта елдегі режимді бұзған оқиғалар саны 267-ден асып кеткен. 55 адам қамауға алынып, 107 адамға айыппұл салынған көрінеді.

Қалғандарына қатысты ескерту беріліп немесе материалдар сотқа жіберілген.

Бұлардың арасында блок бекеттерді айналып өтпек болғандар да бар. Олардың жалпы саны – 15.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде бір адам коронавирустан айыққанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849900-aktbede-tz-kezinde-sauyk-kesin-zasagan-zigitti-krsileri-stap-berdi/

pixel