Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

800-ден асты: Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырған тағы 21 адам анықталды

Опубликовано:

Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

10 сәуір таңғы 09:00- дегі ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 2 адам, Маңғыстау облысында 2 адам, Қызылорда облысында 4 адам, Атырау облысында 3 адам, Шымкент қаласында 4, Ақмола облысында 1, Қарағанды облысында 4, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам тіркелді.

Ал Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Осылайша, тіркелген қайғылы жағдайлар саны 9-ға жетті.

Қазақстан бойынша қауіпті дертті 60 адам жеңіп шықты.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында 122 адам, Қарағанды облысында 61 адам, Ақмола облысында 61 адам, Атырау облысы 45 адам, Жамбыл облысында 45 адам, Шымкент қаласында 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 3 адам, Маңғыстау облысында 9 адам, Қызылорда облысында 104 адам, Батыс Қазақстан облысында 6 адам, Түркістан облысында 34 адам, Қостанай облысында 3 адам, жалпы 802 науқас бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850015-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-800-den-asty/

pixel