Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

112 дерек тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1000-нан асты

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 112 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1091-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

112 жағдай тіркелді: Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

13 сәуір 23.40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматы қаласында 99 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3, Алматы облысында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Батыс Қазақстан облысында 2, Түркістан облысында 1, Атырау облысында 3 адамда КВИ диагнозы расталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 260 адам, Алматы қаласында 271 адам, Қарағанды облысында 77 адам, Ақмола облысында 73 адам, Атырау облысында 62 адам, Жамбыл облысында 46 адам, Шымкент қаласында 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 22 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 26 адам, Павлодар облысында 10 адам, Маңғыстау облысында 10 адам, Қызылорда облысында 119 адам, Батыс Қазақстан облысында 11 адам, Түркістан облысында 44 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 1091 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 138- ге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850558-112-zagdaj-tirkeldi-elimizde-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-1000-nan-asty/

pixel