Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде туған күн тойлаған Қапшағай тұрғындары жазаланды (видео)

Опубликовано:

Карантин кезінде пикник ұйымдастырған Қапшағай тұрғындары ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Polisia.kz видеосынан алынды
Кадрлар Polisia.kz видеосынан алынды: Facebook

Polisia.kz ақпарынша, өткен кеште тәртіп сақшылары жұмыс істемейтін кәсіпорындардың бірінің аумағынан шыққан қатты музыкаға назар аударған.

"Қоршау ішіне кіргенде музыканың даусын қатты шығарып, көңіл көтеріп жүрген жастар тобын көрдік, олардың арасында балалар да бар. Төтенше жағдай кезеңінде жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, бұл жерде туған күн атап өтіліп жатқандығы белгілі болды. Тәртіп бұзушылар өз кінәсін түсініп, салтанатты шараның ұйымдастырушысы кешірім сұрады", – деп мәлімдеді патрульдік полицияның взвод командирі Диас Айнақұлов.

Полиция қызметкерлері пикникке қатысқан бес азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік материал толтырып, оны сотқа жолдады.

"Карантин жарияланған уақыттан бастап Қапшағай қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған 139 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алты заңды тұлға да бар. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабында көзделген төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін бір іс-әрекет те анықталды", – деп толықтырды командир.

Сондай-ақ бұған дейін ТЖ режимін бұзып, аулада жаппай би кешін ұйымдастырған қарағандылықтар туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852048-karantin-kezinde-tugan-kn-tojlagan-kapsagaj-trgyndary-zazalandy-video/

pixel