Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушы әлемнің 9 университетінен шақырту алды

Опубликовано:

Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Сейсек әлемнің тоғыз университетінен бірдей шақырту алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматылық оқушы әлемнің 9 университетінен шақырту алды
Фото: Instagram/ 360mentors: Twitter

Толық білім беру грантын Наргизге Hong Kong Baptist University және Lawrence University ұсынып отыр.

Сондай-ақ, зияткерге алты америкалық жоғары оқу орындары жеңілдік беруге дайын. Наргиздың портфолиосы химия пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың жүлделі орындары мен медальдарына, сондай-ақ ғылыми байқаулардағы жетістіктерге толы.

"Мен барлық жерде Chemical Engineering факультетін таңдаймын. Химияға деген махаббатты менде 10-сыныпта мықты ұстаз Зәуре Ділманова оятты. Ұстазым мені олимпиадаға және ғылыми жобаларға қатысуға анталандырды. Зияткерлік мектебіндегі ұстаздарымның арқасында мен осындай жетістікке қол жеткіздім. Химия саласының келешегі зор. Мен елімізде осы бағытта өндірістерді дамытуға ат салысамын", - дейді Наргиз Сейсек.

Айта кетерлігі, болашақ түлек UNESCO клубының белсенді қатысушысы ретінде UNESCO және Model United Nation он шақты сессиясына Зияткерлік мектептің атынан қатысып, үздік спикер және үздік делегат атағына ие болған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада мектеп оқушылары онлайн білім алып жатқанын айтып, ата-аналарға үндеу жасаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852300-almatylyk-okusy-lemni-9-universitetinen-sakyrtu-aldy/

pixel