Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза кезінде орындайтын 10 амал

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразада орындайтын он амалды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
  • Құранмен дос болу

Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды.

Ардақты Пайғамбарымыз: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар..." деп өсиет еткен. Себебі, "Құран оқу – көңілдің шипасы" (хадис).
  • Түнді намазбен өткізу

Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік байланыс орнататын риясыз құлшылық.

"Түнгі намазға аса мән беріңдер. Сендерден алдын өткен ізгі адамдар оны үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз Жаратушыға жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі іске баруға тосқауыл болады" (хадис).

Рамазанда оқылатын тарауық намазына тахажуд қосылса – құба-құп.

  • Үнемі дұғада болу
Дұға – мұсылманның қорғаны. "Дұға – ғибадаттың мәні" (хадис). Алла Тағала "Мүмин" сүресінің 60-аятында: "Менен сұраңдар. Тілектеріңді қабылдаймын", – деп уәде еткен.

Таңғы және кешкі, жұма және Қадір түнінде, т.б. уақыттарда айтылатын дұғаларға мән беру қажет.

  • Пітір садақасын беру

Садақа – жамандықты жоятын амал, айналадағы көмекке зәру адамдардың ақысы.

"Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың" (хадис).
  • Ауызашар ұйымдастыру

Карантин кезінде топтасып жиналуға болмайды. Бұл – сауап іздеген адамға тығырыққа тірелу деген сөз емес. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарға кететін қаржылай шығынды немесе азық-түлікті көмекке мұқтаж отбасыларға таратуға кеңес берді.

Мәселен, он адамға ауызашар бергіңіз келді делік. Ауызашарға кететін ақшаны соларға таратып берсеңіз де болады. Алланың қалауымен он адамға ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Хадисте айтылғандай, мұсылманның ниеті амалынан қайырлы.

  • Истиғфар айтып, салауат жолдау

Теріс ой мен ғайбат сөзіміз үшін кешірім сұраудың ең қарапайым үлгісі – "Алла мені кешірсін" деп истиғфар айту.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Алла Елшісіне салауат айтуымыз – өзімізге амандық пен береке тілеуіміз.

Сөз бен ойдың оразасы адамды тақуалыққа тәрбиелейді.

  • Тамақты тежеу

Рамазан – аз тамақ жеп, көп құлшылық жасауға тәрбиелейтін ай. Расында, көп асаған көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған көп игіліктен құр қалады.

  • Уақытты жүйелеу

Рамазанда әрбір сәт маңызды.

  • Оразада отбасыға көңіл бөлу
  • Өзімізді өзгертпесек...

Бір ғұлама "Рамазаншыл болма, Құдайшыл бол" деген екен. Расында, бір жұтым судың қадірін сездірген, шариғаттағы тыйым былай тұрсын, рұқсат етілген істен нәпсіні тежеуді үйреткен оразадан кейін өзімізді өзгертпесек енді ұят.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел түрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852754-oraza-kezinde-oryndajtyn-10-amal/