Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Tesla басшысының алтыншы баласы дүниеге келді

Опубликовано:

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы, америкалық кәсіпкер Илон Маск пен оның сүйіктісі Клэр Буше нәрестелі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Илон Маск және Клэр Буше. Фото: Global look press
Илон Маск және Клэр Буше. Фото: Global look press: Twitter

Қуанышты хабар туралы Илон Маск өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

"Бірнеше сағат бұрын. Анасы мен баланың жағдайы жақсы", – деп жауап берді ол қызығушылық танытқан желі қолданушыларына.

Бұл Граймс лақап атымен өнер көрсететін әнші Клэр Бушенің тұңғыш сәбиі. Ал Илон Масктың бірінші әйелі Жюстин Уилсоннан бес баласы бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адам ұшыруды көздеп отырғанын хабарлаған еді.

Илон Маск ағымдағы ғасырдың ортасына қарай Марсқа күніне орта есеппен үш ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлауда. Ол Dragon Crew кемесін жетілдіріп, бір уақытта бортқа 100 адам мен 100 тоннаға дейін жүк сыйдыруға ниетті.

Қазіргі уақытта SpaceX компаниясы қайта пайдалануға болатын Dragon Crew басқарылатын ғарыш кемесінің құрылысын жүзеге асырып жатыр. Аталған ғарыш кемесінің құрылысы Марсты отарлаудың кең ауқымды жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854395-jgili-tesla-bassysyny-altynsy-balasy-dniege-keldi-foto/

pixel