RU

Жеңіске 75 жыл: Путин Ким Чен Ынға медаль тақты

Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сәйкес, Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл" медалімен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Путин Ким Чен Ынға медаль тақты
Ким Чен Ын және Владимир Путин. Фотo: kremlin.ru: Depositphotos

Ким Чен Ынның марапатталуы туралы КХДР-дағы Ресей елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Солтүстік Корея көшбасшысы КХДР аумағында қайтыс болған және жерленген Кеңес азаматтарын еске алуды мәңгі сақтауға қосқан жеке үлесі үшін марапатталды.

5 мамыр, сейсенбі күні ресейлік елші медальді Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігіне табыстады.

Салтанатты жиында түскен фотолар әлеуметтік желіде жарияланды. Онда Владимир Владимировичтің солтүстіккореялық әріптесін марапаттаған медалін көруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, New York Post америкалық басылымы 25 сәуір күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлімдеген болатын. Осыған дейін жапониялық жергілікті басылымдар 36 жастағы Ким Чен Ын жүрегіне жасаған отадан кейін "вегетативті жағдайға" түскенін хабарлаған.

Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854492-zeiske-75-zyl-putin-kim-cen-ynga-medal-takty/