Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадан Мақтаарал ауданы тұрғындарына гуманитарлық жүк жөнелтілді

Опубликовано:

Елордадан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына гуманитарлық жүк жөнелтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Елордадан Мақтаарал ауданы тұрғындарына гуманитарлық жүк жөнелтілді
Фото: Ашық дереккөз: Instagram

Атап айтқанда, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан Мақтаарал ауданына тұрғындарға қажетті заттар тиелген төрт жүк көлігі жолға шықты.

"Мақтаарал тұрғындары үшін қалада арнайы гуманитарлық көмек дайындалды. Осы төрт жүк көлігінде 40 тонна тауар тиелді. Оның 20 тоннасы азық-түлік өнімдері. Сонымен қатар, гигиеналық заттар да жөнелтіледі", - деді елорда әкімдігінің өкілі Нұрлан Сыдықов.

Мұнымен қоса, қала әкімдігі арнайы насостық стансаны, құрылыс заттарын, жазғы шатыршаларды, 100-ден астам керуетті, ыдыс-аяқ, сондай-ақ құтқарушыларға арналған киімдерді жеткізетін болады. Осы орайда жүргізушілер мен елорда әкімдігі өкілдері 1,8 мың шақырым жолды еңсеруі керек.

"Жолда шамамен бір жарым тәулік жүреміз. Жүк Мақтаарал ауданына дейін жеткізіліп, сол жерде елді мекендерге үлестіріледі", - деді Н. Сыдықов.

Айта кетейік, азық-түлік өнімдері кәсіпкерлердің қаржысына, ал арнайы жабдықтар мен киімдер ТЖ департаментімен бірлесе әкімдік дайындады.

Еске салайық, Өзбекстанда бөгеттің жарылуынан Түркістан облысының бірнеше елді мекенін су басты. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Атқарылған жұмыстардан кейін су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта бастады.

Жақында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында төтенше жағдай салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4 медицина нысанын, 1 мәдениетін үйін, сонымен қатар 10 дүкенді су басқанын мәлім етті. Жеңіс ауылындағы көпірді және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автомобиль жолы су астында қалды.

Мұнан бөлек, алдын ала жинақталған мәліметтерге сәйкес, көлемі 7 639 гектар егістік жерін су шайды. Мал шығыны да нақтыланып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854759-elordadan-maktaaral-audany-trgyndaryna-gumanitarlyk-zk-zneltildi/

pixel