Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда барлық букмекерлік кеңсе екі облысқа көшірілуі мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар арнайы ойын аймақтарына көшірілуі мүмкін. Мәжіліс ойын бизнесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстанда барлық букмекерлік кеңсе екі облысқа көшірілуі мүмкін
Көрнекі фото: zik.ua: Instagram

Елімізде арнайы ойын аймақтары екі облыста –  Ақмола облысындағы Бурабай курорты мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласында орналасқан.

Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді елдегі бүкіл букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар осы екі өңірде шоғырланады.

"Жұмыстан шыққан адам үйге жеткенше жолда он шақты букмекерлік кеңсе, басқасы бар, қалтадағы ақшаны ойынға салады. Үйге келгенде соқыр тиын да қалмайды, осыдан кейін қылмысқа да баруы мүмкін. Ойнайтын кісі көлікке отырып, елу шақырым ба, жетпіс шақырым ба, соған барып ойнайды", -дейді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, заң жобасында Алматы облысы Талғар ауданының Алатау ауылдық округінде, Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде және Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында казино мен ойын автоматтары залдары орналасатын үш жаңа ойын аймағын құру көзделген еді.

Алайда мәжіліс депутаттары заң жобасын талқылау барысында қосымша ойын аймақтарын ашу туралы норманы алып тастады.

Ойын бизнесі туралы заң жобасының жаңашылдығы – букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставка қоюға рұқсат етіледі. Яғни, ставка қоюға болатын оқиғалар тізімі тек спорттық шаралармен шектеледі.

"Қазақстандағы букмекерлік қауымдастықтың ақпараты бойынша тек қана спорттық оқиғаға қойылатын ставкалардың саны 85%-тен асады. Ауа райына, мәдени оқиғаларға, сайлау нәтижелеріне ставкалар болатынын білеміз. Бірақ олардың үлесі өте аз", - дейді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар, азаматтарға құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу құқығы беріледі.

Жақын туыстарының өтінішімен соттың құмар ойындарды және бәс тігуді теріс пайдаланатын адамдарды әрекет қабілеті шектеулі деп тануына мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы жапониялық геймер әжейдің Гиннесстің рекордтар кітабына енгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855568-kazakstanda-barlyk-bukmekerlik-kese-eki-oblyska-ksirilui-mmkin/

pixel