Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 маусымнан бастап пойыздар еліміздің қай қалаларына қатынайды

Жарияланған күні:

2020 жылғы 13 мамырда коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды. Осы орайда 1 маусымнан бастап пойыздар еліміздің қай қалаларына қатынайтыны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Индустрия және инфрақұлым министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, Олардың ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;
  • Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;
  • Қызылорда – Семей;
  • Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
  • Қарағанды – Жезқазған;
  • Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.

Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.

Ведомство жолаушыларды тасымалдау көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ келесі шараларды сақтай отырып жүзеге асырылатын ескертті:

1) дене температурасын өлшей отырып, пойыз бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру;

2) жолсеріктердің және жолаушылардың жол жүру жолында міндетті түрде бетперделермен болуы;

3) отырғызу және түсіру кезінде қашықтықты сақтау;

4) жүру жолында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау;

5) жолаушылардың пойыз құрамы вагондарының арасында жүруіне және объективті себептерсіз купеден шығуына тыйым салу.

Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап елімізде пойыз жүре бастайтынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855659-1-mausymnan-bastap-pojyzdar-elimizdi-kaj-kalalaryna-katynajdy/