Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шошып ояндым": Белгілі журналист Бейсен Құранбектің өлімі алдында түс көрген

Жарияланған күні:

Отандық журналист Сандуғаш Дүйсенова досы әрі әріптесі Бейсен Құранбек қайтыс болар алдында оған қатысты ерекше түс көргенін айтты. Ақпарат өкілі шошып оянғанымен, бұл жайтты тек жақсылыққа жоруға тырысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Сандугаш Дуйсенова/Instagram/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Facebook/Сандугаш Дуйсенова/Instagram/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сандуғаш Дүйсенова марқұм досына қатысты түсі жайлы өзінің Fаcebook парақшасында айтып берді. Жазбаға сәйкес, ол "Жетісу" телеарнасының директорын мамыр айының басында түсінде көрген.

Журналистің сөзінше, ол түсінде ақ қағазға Бейсен Құранбектің атын жазған. Ол бір жайтты сезгендей болса да, түсін жақсылыққа жорыған екен. Алайда, кейіннен шатасқанын түсініпті.

"Ал енді түсімді айтайын. "Бейсен",- деп ақ қағазға атын жазыппын! Шошып ояндым. Сездім, бірақ жақсыға жордым! Ақ - қазақтар үшін тазалық, мейірімділіктің белгісі, ғой! Шатасыппын. Ақ түс Періштенің киімінің түсі болып табылады екен" , - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Бейсен Құранбек туралы естелігімен белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бөліскен болатын. Ол желіде әріптесімен кездескен сәтінен видео жариялап, елдің жүрегін елжіретті.

Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Кеше, 19 мамыр күні Талдықорған қаласындағы "Журналистер үйінде" Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856570-sosyp-oandym-belgili-zurnalist-bejsen-kranbekti-limi-aldynda-ts-krgen/