jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шетелде білім алатын қазақстандық студенттер оқуларына қайта алмай отыр

: Original

Әлемде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты шетелде оқитын қазақстандық студенттер елге оралған болатын. Екі айдан бері оқуларын онлайн түрде жалғастырған. Енді біреулеріне емтиханды оқу орнына барып тапсыру міндеттелсе, енді бірі виза уақытына алаңдап отыр. Себебі Қазақстан әлі шет мемлекеттерге әуе қатынасын ашқан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Елордалық Әлішер Ағыбаев Чехияның Прага қаласындағы оқу орындарының бірінде тіл курсынан өткен. Алдағы емтиханнан кейін бакалаврға тапсырады. Айтуынша, емтиханды оқу орнында тапсыру міндеттелген. Енді ол Чехияға қалай жететінін білмей отыр.

"Менде қабылдау емтихандары басталады, шамамен үш аптадан кейін. Оны онлайн тапсыруға университет рұқсат берсе де менде визаның уақыты өтіп барады. Студент болғандықтан, оны тек Чехияда ұзарта аламын. Екеуіне де үлгермесем тағы 1 жыл 2 млн 200 мың теңге төлеп, курсты қайта оқуым керек", – дейді Әлішер Ағыбаев.

Нұр-Сұлтан қаласының тағы бір тұрғыны Ольга Мирошниченко шетелде білім алатын қызының мәселесіне алаңдаулы. Айтуынша, қызы Италияның Турин қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде 1 курста оқиды. Енді емтиханға шақырса, қалай барамыз деген сұрақ мазалайтын көрінеді.

"Арнайы студенттерді жеткізу мәселесін қолға алса болады ғой. Алаңдап отырмыз. Біз секілді қанша ата-ана бар. Германияға хабарласып, сіздер арқылы Чехияға өтсек деп өтіндік. Қолыңызда студент екеніңізді растайтын құжат болса әрине деп жауап берді. Бірақ біз Қазақстаннан ешқайда жете алмай отырмыз.
Осыдан бір апта бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті карантин кезінде кімдер Қазақстаннан шетелге шыға алатынын жариялады. Олардың қатарында өзге елде білім алатын студенттер де бар. Тек шетелде білім алып жатқанын растайтын құжат болса болғаны деген еді. Бірақ Қазақстан әлі әуе кемелеріне шетелге ұшуына рұқсат берген жоқ", – дейді Ольга Мирошниченко.

Еске сала кетейік, бұған дейн Ресейден Қазақстанға оралған екі студенттен коронавирус табылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Шетелде білім алатын қазақстандық студенттер оқуларына қайта алмай отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.