RU

"Ақырзаман деп ойлап қалдық": Ақтауды басқан алып бұлт елді шошытты (видео)

Ақтау тұрғындары аспанда пайда болған аса ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды. Қаланы көшкінге ұқсайтын алып бұлт басып, жергілікті халықтың таңданысын тудырған. Кейбірі бұл көрініске тамсанса, енді бірі керісінше, одан шошынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram.com/ladakz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Видеодан кадр: Instagram.com/ladakz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Ақтаулықтар 23 мамыр күні аспандағы ерекше табиғи құбылысқа куә болған. Олардың сөзінше, күі бойы жарқырап тұрған ауа-райы әп сәтте бұзылып, қаланы алып бұлттар басқан.

Желі қолданушылары ерекше көрініске тамсанып, одан алған әсерлерімен бөлісті. Тағы кейбірі алып бұлттар бойларына қорқыныш сезімін ұялатқанын айтып жатты.

"Нағыз фантастика фильміндегідей көрініс болды. Өте әдемі, табиғат неткен шебер еді" , "Біз бұл сәтте өзенде едік. Бір жағынан әдемі, бір жағынан аса қорқынышты құбылыс" , "Бір мезетте күн жоқ болып, бұлт басты. Қатты қорқып кеттік" , "Қорқынышты фильмердегідей әсер қалдырды. Ақырзаман деп ойлап қалдық" , "Балалрыммен көшеге шыққанмын. Бір уақытта ауа-райы бұзылып, қорқынышты бұлттар пайда болды" , "Күтпеген құбылыс болды" , "Бұл естен кетпес таби,ат құбылысы болғаны анық" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, мамыр ортасында Алматы тұрғындары да ерекше табиғи құбылысқа тап болған еді. Оңтүстік астана тұрғындары да алып "отты" бұлттарды көрген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857190-akyrzaman-dep-ojlap-kaldyk-aktaudy-baskan-alyp-blt-eldi-sosytty-video/