Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алақан жайып, қайыр сұрауымыз қалды": Ақтөбелік саудагерлер наразылыққа шықты

Опубликовано:

Бүгін Ақтөбедегі орталық базар сатушылары наразыққа шықты. Екі ай карантин тәртібін сақтап, үйде отырғандар "жағдай жалғаса берсе аштықтан алақан жайып кетеміз" деген жыларман күйде. Несиеден бөлек қарызы көбейіп, шығынға батқан саудагерлер санитар мамандардың сөзінен жауыр болғандарын айтып, қала әкімінен араша сұрап барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Осы базарда 25 жылдан бері жасаймын. Сауда орындарының іріктеліп ашылуы әділетсіздік. Сырттағы ашық базардың бәрі жұмыс жасап тұр. Екі айдан бері біз тоқтап тұрмыз. Мен Қытайдың Ухань қаласына жиі қатынаймын. Соңғы рет қаңтар айында бардым. Қала карантинге толық жабылу керек. Бірін ашып, келесісін қаңтарып қойғанды алалау деп түсінеміз",-  дейді кәсіпкер Мадина Ахетова.

Қала әкімінің алдарына шығып, жағдайды түсіндіруін сұраған саудагерлер талабы орындалған жоқ. Қалалық әкімдік ғимаратының алдына жиналғандар қала әкімі Асхат Шахаровпен кездесе алмай қайтты. 

"Қаншама адам базармен күн көріп отыр. Мен екі маусымның тауарына Алматыға қарыз болып қалдым. Халық қиналып қалды. Неге бізді сергелдеңге салады? Басшылар қайда?", - дейді кәсіпкер Әлия Бердешева.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жабық дүкендер мен  жабайы сауданы қосқанда 5000-ға жуық адам базардағы саудамен күн көріп отыр. Әбден қиналғандар жағдайларын ашынып жеткізді.

"Базар 30 наурыздан бастап жабық. Нанды қай ақшаға аламыз? Балаларымызды кім асырайды? 42 мың теңге дүкенге төрт рет кірсең бітеді. Оны да бәріміз алмадық. Несиені айтпағанның өзінде күн көріс қиын болып кетті. Айына 600 мың теңге жалақы алатындар  қара халықты ойлап жатқан жоқ",- дейді кәсіпкер Сәуле Мәуленова.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Базар алдына жиналғандарды қаланың бас санитары да сабырға шақыра алмады.

"Бәрі де аурудың тіркелу көрсеткішіне байланысты. Осы аптада біздің көрсеткіш 25 пайызға көтеріліп кетті. Республика бойынша жарияланған қаулыда науқастардың тіркелу көрсеткіші 7 пайыздан көбейетін болса, мұндай адам көп шоғырланатын жерлерді ашуға рұқсат бермейді",- дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аманжол Өтеғалиев.

Саудагерлер қаланың бас санитарының жауабына қанағаттанбай жағдайларын айтып облыс және қала әкімінің атына арыз жолдады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857287-alakan-zajyp-kajyr-srauymyz-kaldy-aktbelik-saudagerler-narazylykka-sykty/

pixel